«4 266 адам ұсталды, арасында шетелдіктер бар» – ІІМ

«4 266 адам ұсталды, арасында шетелдіктер бар» – ІІМ

«4 266 адам ұсталды, арасында шетелдіктер бар» – ІІМ
ашық дереккөзі
8 қаңтарға қараған түні еліміздің бірқатар өңірлерінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар өткізді, деп жазды turkystan.kz. ІІМ жедел штабы таратқан хабарламада полиция органдарына барлығы 4 266 адам жеткізілгені, ұсталғандардың арасында шетелдік азаматтардың болғаны жазылған.
«Алматыда 7 қаңтарда сағат 20.46-да Қалқаман шағынауданының бірінде патрондар, оқ-дәрілер және ұрланған мүлік (велосипедтер, теледидарлар және ұялы телефондар) тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 100-ден астам адам ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың басым бөлігі көрші елдің  азаматтары. Сондай-ақ, Жамбыл облысы елді мекенінде қару-жарақтың бірнеше түрі – автомат пен тапанша табылған.