Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын

Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын

Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын
ашық дереккөзі
Түркия қажет болған жағдайда барлық техникалық білім мен тәжірибесін көрсетуге дайын. Президент Режеп Тайып Ердоған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында осылай деді, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.  Түркия президенті жаңа Үкіметтің ең қысқа мерзімде құрылуына және шиеленістің тезірек аяқталуына сенім білдірді. Дос әрі бауырлас Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап отырғанын жеткізді. Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Түрік елімен қоса түркі мемлекеттері ұйымының да Қазақстанға қолдау көрсететінін айрықша атап өтті.