Бірқатар банк кешіктірілген төлемдерге айыппұл салмайды

Ғаламтордың өшуіне және елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты кешіктірілген несие төлемдерге айыппұл салынбайды. «Каспи», «Отбасы банк», «Халық», «Еуразиялық банк», «Форте», «Центркредит» және «Алтын банк» өкілдері осындай хабар таратты, деп жазды turkystan.kz.

Қаржы институттары қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейтіндігін хабарлады. Елдегі жағдайға байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Сол себепті банктен қарыз алғандардың алаңдамауын сұрайды. Қазір көптеген банкоматтың істен шыққанын білеміз. Мамандар мұны интернеттің жоқтығымен байланыстырады. Банкоматтарға ақша толтыру да әзір мүмкін емес. Бүлік тоқтамайынша, инкассаторлар да ақша тасымалдамайды.

«Интернеттің жоқтығынан банкоматтардың көбі жұмыс істемей тұр. Өйткені, олар арнайы жүйеге қосылған. Байланыс болмаған соң, олар да істен шыққан. Осы ретте қауіпсіздік үшін инкассацияны да уақытша тоқтатуға тура келді», – дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button