Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Omicron» штамы анықталды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Omicron» штамы анықталды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда «Omicron» штамы анықталды
ашық дереккөзі
2022 жылдың 6 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының Молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы 96 оң үлгіні геномдық секвенирлеуді аяқтады, деп жазды turkystan.kz денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Генотиптеу нәтижелері бойынша 8 (8,3%) үлгіде «Omicron» коронавирусының жаңа нұсқасы анықталды, оның ішінде Алматы қаласында - 7 және Нұр-Сұлтан қаласында - 1. Сынамалардың 71%-да «Дельта», 16%-да «Дельта плюс» коронавирус штамының нұсқалары, 4,7%-да коронавирус штамының басқа нұсқалары анықталды. «Omicron» нұсқасының ерекшелігі - жоғары инфекциялық таралуы (таралу коэффициенті 1:5 тең), қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы. Жоғары тыныс алу жолдарында (осы жерде вирус бастапқыда енеді) «Omicron» «Дельта» нұсқасына қарағанда 70 есе жылдам көбейеді. Инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы - вакцинацияның аяқталған курсы және COVID-19-ға қарсы уақтылы ревакцинация. Сонымен қатар вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық профилактикалық шараларды сақтау қажет: бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын сақтау, үй-жайларды желдету және т.б. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2022 жылғы 6 қаңтардағы жағдай бойынша әлемнің 126 елінде «Omicron» штамы анықталды