3 мыңнан астам адам ұсталып, 26 қарулы қылмыскердің көзі жойылды – ІІМ

3 мыңнан астам адам ұсталып, 26 қарулы қылмыскердің көзі жойылды – ІІМ

3 мыңнан астам адам ұсталып, 26 қарулы қылмыскердің көзі жойылды – ІІМ
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша лаңкестерге қарсы операция барысында 3 мыңнан астам адам ұсталып, 26 қарулы қылмыскердің көзі жойылды. Тағы 18 қылмыскер жараланды, деп жазды turkystan.kz. Қызылорда облысында лаңкестікке қарсы операция жалғасуда. Бұл өңірде төтенше жағдайдың «қызыл деңгейі» жарияланған. Қылмыскерлер полиция, сот, морг, жедел жәрдем ғимараттарын шабуылдады. Облыс әкімдігінің ғимаратына айтарлықтай зақым келтірілген. Қала ауруханаларына келіп медициналық көмек сұраған 168 адамның 77-сі жатқызылды. 38 адам жансақтау бөліміне түскен. Қайтыс болғандар бар. Шымкентте тәртіпсіздіктер кезінде «Сергек» камералары талқандалған. Сондай-ақ, Түркістан сарайы ғимаратына айтарлықтай зақым келген. «Метро» сауда орталығы тоналды. Құрылыс компаниясының әкімшілік ғимараты талқандалды. Көрме орталығының бір бөлігі отқа оранды. Жалпы 4 автобус өртеліп, жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасалды. Қарапайым тұрғындардың көліктері талқандалды. Қазір қалада жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. БҚО, СҚО және Қостанай облысында тәртіпсіздіктер болған жоқ. Ахуал жергілікті биліктің бақылауында. Түркістан облысында азаматтық белсенділер жергілікті билікке жәрдемдесіп, қоғамдық тәртіпті бақылауға атсалысып жатыр. Өңірдің адам көп орналасқан аудандарында коменданттық сағат енгізілген. Жағдай бақылауда. Қарағанды облысында «109» сенім шұғыл желісі іске қосылған. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Жағдай толық жергілікті биліктің бақылауында. Ақмола облысында да ахуал тұрақты. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бақылауға көмектесу үшін халық достығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол «Ақмола қауіпсіздік аумағы» деп аталады. Атырау облысында алаңдағы шерушілер өз еркімен тарқады. Ал қалғандары төтенше жағдайдың режимін бұзғаны үшін қамауға алынды. Жалпы тәртіпсіздік кезінде 4-і мен 6-сы аралығында 48 адам денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінген. Оның ішінде 36 ішкі істер орган және әскери қызметкерлер, 12-сі тұрғын. Алматы облысында ахуал толық жергілікті биліктің бақылауына алынды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін тиісті шаралар қолданылып жатыр, лаңкесттіке қарсы аймақтық жедел штаб құрылған. Бұған дейін жаппай тәртіпсіздік облыс орталығында болған еді. Облыстық әкімдік ғимарат, полиция департаменттеріне шабуыл жасалып, арнайы көліктер өртелді. Сауда орталықтары мен тұрмыстық техника дүкендері тоналды. Тәртіпсіздіктер салдарына 68 адам дәрігерлердің көмегіне жүгініп, 17 адам ауруханаға жатқызылды. Құқық қорғау органдарының 4 өкілі жансақтау бөлімінде жатыр.