Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу басталды
ашық дереккөзі
28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада қызмет етіп, ақпарат тарататын БАҚ өкілдері үшін аккредитацияға өтініш қабылдау басталды. БАҚ аккредитациясына өтініштер 2016 жылдың 29 желтоқсанына дейін қабылданады. Халықаралық және отандық БАҚ өкілдері үшін аккредитациядан өту Ойындардың ресми сайтында орналасқан «БАҚ аккредитациясы» бөлімінде жүзеге асырылады. БАҚ өкілдеріне анкетаны толтыру керек. Өтініш қарастырылған соң, қолданушы аккредитациядан өту туралы хабарлама алады. Толық түсінікті нұсқаулық қосымша қағазға орналастырылған. Аккредитациядан өткеніңіз туралы сіз электронды поштаңызға келетін ресми растау арқылы біле аласыз. Аккредитациядан өткен шетелдік БАҚ өкілдері үшін виза алу жолдары жеңілдетіледі. Бұл үшін олар  аккредитациядан сәтті өткенін растайтын жазбаны өз еліндегі Қазақстан Республикасының елшілігіне көрсетуі тиіс. Жарысқа және Универсиаданың басқа да шараларына бару үшін сіз өз есіміңіз жазылған бейджді Алматы қаласы, Байзақов 280, 1-қабат  («Almaty Towers») мекенжайында орналасқан Аккредитация ортағына келіп, алуыңыз қажет. Аккредитация орталығы 2017 жылдың 10 қаңтар мен  8 ақпан аралығында  9:00 мен 21:00 аралығында жұмыс істейді. Ойындар уақытында сегіз баспасөз-орталықтары жұмыс істейтін болады. Қосымша ақпаратты, + 7 727 2647113, + 7 727 2646737, + 7 727 2647112, +7 727 3132358 телефондары арқылы немесе pressaccreditation@almaty2017.kz электронды поштаға хат жазу арқылы ала аласыздар. Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойыны қаңтардың 29-ы мен ақпанның 8-ы аралығында Алматыда өтеді.