Еліміздің біраз өңірінде ТЖ салдарынан пойыздар тоқтатылды

Еліміздің біраз өңірінде ТЖ салдарынан пойыздар тоқтатылды

Еліміздің біраз өңірінде ТЖ салдарынан пойыздар тоқтатылды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Алматы, Маңғыстау және Алматы облыстарында Мақат және Жем темір жол стансалары бойынша қозғалыс жабылды, деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, Мақат және Жем стансалары арқылы Алматы-1, Алматы-2, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан стансаларынан жолаушылар пойыздарының жөнелтілуі тоқтатылды. Оған қоса, 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түні 14 пойыз жолаушыларының межелі жерге жеткізілмегені белгілі болды. Қазір пойыздар уақытша стансаларда орналасқан. Жолаушылар тамақпен және сумен қамтамасыз етіледі.
«Қазір «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жедел штабы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Пойыздардың қозғалысы жағдай реттелгеннен кейін қалпына келтіріледі», - делінген ресми хабарламада.