Жаңалықтар

Алматы әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр ма?

ашық дереккөзі

Алматы әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр ма?

Telegram мессенджерінде Алматы халықаралық әуежайының ұшақтарды қабылдамай жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл - жалған, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап. «Алматы әуежайы өкілдерінің хабарлауынша, әуе порты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. «Әуежай ұшақтарды қабылдамай жатыр деген ақпарат жоқ. Барлық ұшақтар, әдеттегідей, кесте бойынша ұшып-қонуда», – деп хабарлады Алматы әуежайынан. Еске сала кетсек, жалған ақпарат таратқандарға ҚР заңнамасы бойынша жауапкершілік қарастырылған.