Алматы әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр ма?

Алматы әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр ма?

Алматы әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр ма?
ашық дереккөзі
Telegram мессенджерінде Алматы халықаралық әуежайының ұшақтарды қабылдамай жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл - жалған, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы әуежайы өкілдерінің хабарлауынша, әуе порты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. «Әуежай ұшақтарды қабылдамай жатыр деген ақпарат жоқ. Барлық ұшақтар, әдеттегідей, кесте бойынша ұшып-қонуда», – деп хабарлады Алматы әуежайынан.
Еске сала кетсек, жалған ақпарат таратқандарға ҚР заңнамасы бойынша жауапкершілік қарастырылған.