Алматылық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Алматылық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Алматылық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
ашық дереккөзі
Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдап жатыр. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Әкімнің айтуынша, қазір қаладағы жағдай билік бақылауына алынған. Тәртіп сақшылары түннен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Республика алаңына әскери техника мен патрульдік экипаждар қойылған.
«Мен қазір Республика алаңында тұрмын. Кеше түнде қала тұрғындары осы жерде митинг жасаған болатын. Бұл – тұрғындардың жиналған бір нүктесі. Қазіргі уақытта бұл жердегі халық толығымен қайтарылған. Ал әзірге Республика алаңы жабық. Төмен жағы – Абай даңғылы, Назарбаев, Сейфуллин, Тимирязев аралығына әзірге өзге көліктер кіргізілмейді. Қазір жағдай тұрақталып қалған. Митинг жасап, ереуілге шығып жүрген ешкім жоқ. Түндегі болған митинг бойынша полиция немесе жергілікті биліктен нақты ақпарат берілген жоқ. Қанша адамның жиналғаны, таңғы сағат қаншада аяқталғаны туралы нақты ақпарат жоқ», – дейді журналист Аршын Кемелжан.