«Жаппай наразылық акциялары кезінде 100-ге жуық полицей жарақат алып, 37 көлік бүлінген» – ІІМ

«Жаппай наразылық акциялары кезінде 100-ге жуық полицей жарақат алып, 37 көлік бүлінген» – ІІМ

«Жаппай наразылық акциялары кезінде 100-ге жуық полицей жарақат алып, 37 көлік бүлінген» – ІІМ
ашық дереккөзі
Елдегі жаппай наразылық акциялары барысында 100-ге жуық полицей дене жарақатын алған, деп хабарлады turkystan.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, шеруге шыққандар тек полицейлерге ғана емес, өзге де органдардың қызметкерлеріне күш көрсеткен.
«Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасап, әйнектері мен есіктерін сындырды, басқа да материалдық залал келтірілді. Тастарды, таяқтарды, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдалану жағдайлары орын алды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу және тәртіп бұзушыларды ұстау бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады», - делінген ІІМ таратқан хабарламада.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаты келтірілген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген. Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталған.