Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының басшылары ұсталды

Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының басшылары ұсталды

Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының басшылары ұсталды
ашық дереккөзі
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің бас директоры мен сұйылтылған газ сататын электронды сауда алаңының басшысы қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. Қаңтардағы көтерме сауда-саттық деректерін талдау барысында бөлшек сауда бағасы тоннасына 120 мың теңге деңгейінде қалыптасқаны байқалды. Бұл күткеннен де жоғары саналады, яғни осы жағдай жанармай құю стансалары арасында баға алыпсатарлығы туралы болжам жасауға негіз болған. Осыған орай, Қаржы мониторингі агенттігі бағаны негізсіз көтеру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Айта кетсек, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС тұтас Маңғыстау облысы және елдің басым бөлігін сұйылтылған газбен қамтамасыз етеді. Президент маусым айында ғана көгілдір отынды тұтыну кейінгі 3 жылда екі есе өскенін, ал бұл зауыт қондырғылары 90 пайыз ескіргенін атап өткен болатын.