Президент елдегі жаппай наразылық шеруіне кімдер кінәлі екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесте елдегі жаппай наразылық шеруіне кінәлілерді атады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button