«Бағаның өсуін шектеу тетіктері қарастырылмаған» - Тоқаев

«Бағаның өсуін шектеу тетіктері қарастырылмаған» - Тоқаев

«Бағаның өсуін шектеу тетіктері қарастырылмаған» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің былтыр маусым айында Маңғыстау облысындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» базасында сұйытылған газ өндіретін жаңа зауыт салу жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі уақытта жобаның тек техникалық-экономикалық негіздемесі ғана дайындалған. Оны қаржыландыру мәселесі шешілмеген. Екіншіден, сұйытылған газды тарату және саудаға шығарудың қазіргі тәртібі пысықталмаған. Электронды сауда барысында бағаның өсуін шектеу тетіктері қарастырылмаған. Нәтижесінде Энергетика министрлігі электрондық сауда бойынша жедел әрекет етіп, оны ауыздықтай алмаған», – деді Президент.