Универсиада-2017 әлемнің 80 елінде көрсетіледі

Универсиада-2017 әлемнің 80 елінде көрсетіледі

Универсиада-2017 әлемнің 80 елінде көрсетіледі
ашық дереккөзі
2017 жылы Алматыда өтетiн бүкiләлемдiк қысқы универсиада әлемнiң 80 елiнде көрсетiледi. Бұл туралы бүгiн үкiмет отырысында Алматы әкiмi Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «Универсиада ойындарын әлемнiң 80 елiнде 7 халықаралық арна көрсетедi. Олар 1 миллиардтан астам көрермендi қамтиды», — дедi Б.Байбек. Бұдан бөлек, қала әкiмi универсиада кезiнде қауiпсiздiк қалай қамтамасыз етiлетiнiе тоқталды. «Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн 6,5 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкерiн тарту көзделiп отыр. Жергiлiктi бюджет есебiнен жарылыс затын анықтайтын 15 детектор сатып алынады. 4 мың қауiпсiздiк қызметкерiнiң тамағы қамтамасыз етiледi. Әуежайда орнатылатын 3 тепловизор алу және төртiншi, жетiншi қалалық ауруханалардың аумағында тiкұшақ алаңын жасақтау мәселесi шешiлдi. Қатысушыларды және көрермендердi тексеру үшiн 2 мобильдiк тексеру кешенi және 9 рентген құрылғы тартылады», — деп баяндады Алматы әкiмi. Айта кетейiк, қазiргi уақытта қысқы универсиадаға тiркелген мемлекеттердiң саны 57-ге жеткен. Виза мәселесi де шешiлген. 57 мемлекеттiң 45-і Қазақстанға визасыз кіреді. Ал Ал 4 мемлекет елшiлiктерде, 7 ел әуежайда виза алатын болады. Қысқы универсиадаға 76 күн қалды. Бүкiләлемдiк жарыс Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында 12 спорт түрi бойынша өтедi.