Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады
ашық дереккөзі
Қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр құрған үкіметтік комиссия Маңғыстау өңіріне барып, өз жұмысын бастады, деп хабарлады turkystan.kz. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.