Кешеден бері Алматының көшелері жабылып, интернет бұғаттаулы тұр

Кешеден бері Алматының көшелері жабылып, интернет бұғаттаулы тұр

Кешеден бері Алматының көшелері жабылып, интернет бұғаттаулы тұр
ашық дереккөзі
Кеше Алматыда полицейлер әкімдік алдындағы Республика алаңы мен Астана алаңын жауып тастаған еді. Енді бүгін сол алаңдарға барар жолдар түгел жабылды, деп хабарлады turkystan.kz. Сонымен, кешеден бері алматылық тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көліктің өтуіне жол бермей тұр. Назарбаев даңғылының Абай даңғылымен қиылысынан бастап, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің бойындағы өткел де жабылған. Алаңға жаяу жүргіншілердің өзі аттап баса алмайды. Куәгерлердің айтуынша, ол аумақта интернет те бұғатталған. Кейбіреулер бұл әрекетті Қазақстан соты экстремистік деп таныған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әбілязовтың мәлімдемесімен байланыстырады. Өйткені Маңғыстау облысындағы жағдайды өз мүддесіне пайдаланған ол жақтастарын рұқсат етілмеген митингке шығуға шақырған.