Қызметімен байланыстырады: түркістандық журналистің ұлын біреулер атып кетті

Қызметімен байланыстырады: түркістандық журналистің ұлын біреулер атып кетті

Қызметімен байланыстырады: түркістандық журналистің ұлын біреулер атып кетті
ашық дереккөзі
Сарыағашта 4 қаңтарға қараған түні журналист Амангелді Батырбековтің ұлын белгісіз біреулер атып кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, оқ кеудеден өтіп, екі иықтың бұлшық етін жарақаттаған. Амангелді Батырбеков бұл істі өзінің журналистік қызметімен байланыстырып отыр. Себебі ол Facebook-тегі парақшасына өзі басқаратын «Сарыағаш-информ» газетіне Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, шымкенттік прокурор мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарын не байланыстыратыны туралы мақала жариялайтынын жазған. Сол сәтте оған мақаланың шықпауын сұрап, бірнеше адам хабарласқан көрінеді. Алайда, журналист ешкімнің ұсынысын қабылдамай, оларға мақаланың жарияланатынын ескерткен.
«3 желтоқсанда түнгі сағат 23:00 шамасында бетіне ақ маска таққан, қолын дәкемен орап алған белгісіз адамдар есігін қаққан. Есікті ашқан қызынан әкесін шақыруды сұраған. Сәлден соң сыртқа шыққан Батырбеков үйінің жанындағы дүкен жақтан ұлының жан даусын естіген» деп жазды Азаттық радиосы.
Бұл іске қатысты облыстық ПД баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
«Бұл жайт 03.01.2022 жылы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тіркелген. Құрамында криминалдық Полиция басқармасының полицейлері бар арнайы топ құрылды. Бүгінде Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ. Сахов тәжірибелі полицейлермен бірге оқиға орнында жұмыс атқаруда. Полицейлер тарапынан қылмысты ашуға бағытталған шаралардың барлығы жасалуда. Барша тұрғындарға түнгі уақытта үй-жайларын бекітіп, сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес береміз. Егер сіз де осындай оқиғаның куәсі немесе құрбаны болсаңыз, бірден полицияның 102 жедел желісіне хабарласыңыз» делінген хабарламада.