Шерушілер Ақтаудың орталық алаңына киіз үй тігіп алды (ВИДЕО)

Шерушілер Ақтаудың орталық алаңына киіз үй тігіп алды (ВИДЕО)

Шерушілер Ақтаудың орталық алаңына киіз үй тігіп алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Газ бағасын төмендетуді талап еткен Ақтау тұрғындары Ынтымақ алаңында киіз үй құрды. Бұл әрекет наразылық білдірушілердің жылынуы үшін жасалған болуы керек. Өйткені түнде қалада ауа температурасы төмендеді, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап. 3 қаңтарда кешкі сағат 9 кезінде алаңға жүздеген адам жиналды. Ал сағат 11 шамасында онда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барды.
«Нұрлан Ноғаев Президент тапсырмасымен газ бағасын төмендету бойынша Үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында өңірдегі жанар-жағармай станциялары газ бағасын 128 теңгеден 85-90 теңгеге төмендету жөнінде шешім қабылдады. Нұрлан Ноғаев бәсекелестікті дамыту мен қорғау агенттігі бағаны негізсіз көтеру жөнінде келісім жасаған жанар-жағармай станциясы иелерін әшкерелеуді қолға алғандығын жеткізді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар өңір басшысы наразылық білдірушілерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды.
«Кез келген мәселені мәмілеге келу арқылы шешуге болады», - деді ол.