Қазақстанда құжат алу бағасы қымбаттай түсті

2022 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге дейін өсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, 2021 жылы АЕК  мөлшері 2 917 теңге болған еді.

Заңнамаға сәйкес АЕК мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады. Қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 063 теңге болды. Осыған байланысты елімізде бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да өсіп отыр.

  • паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы –  8 АЕК немесе 24 504 теңге;
  • жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 613 теңге;
  • жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге;
  • туу туралы куәлік тегін беріледі, бірақ акт жазбасына қандай да бір өзгеріс енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет;
  • некені тіркеу – 1 АЕК немесе 3 063 теңге, ал неке куәлігін екінші рет алған жағдайда – 0,5 АЕК немесе 1 532 теңге;
  • ажырасуға арыз беру кезінде мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе  6 126 теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button