Қазақстанда құжат алу бағасы қымбаттай түсті

4 қаңтар, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қазақстанда құжат алу бағасы қымбаттай түсті 2022 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге дейін өсті, деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, 2021 жылы АЕК  мөлшері 2 917 теңге болған еді. Заңнамаға сәйкес АЕК мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады. Қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 063 теңге болды. Осыған байланысты елімізде бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да өсіп отыр.