Жылына қанша адам хабар-ошарсыз жоғалады?

Жылына қанша адам хабар-ошарсыз жоғалады?

Жылына қанша адам хабар-ошарсыз жоғалады?
ашық дереккөзі
Жыл сайын полицияға хабар-ошарсыз жоғалған 4-4,5 мың адам туралы мәлімет түседі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын таныстырған таныстыру барысында ҚР Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов мәлім етті. «Хабар-ошарсыз жоғалғандарға тоқталатын болсақ, жыл сайын Қазақстан аумағында орташа есеппен 4-4,5 мың із-түзсіз жоғалған адамдар туралы өтінімдерді тіркейміз. Бұл адамдардың 80-85 пайызын біз анықтаймыз, себебі олардың жоғалуы қандай да бір қылмыспен байланысты емес, яғни аңғалдықпен немесе туыстарымен байланысты жоғалтып алуына қатысты болады. Адам сапарға шығып өзі туралы хабар беруді үзеді. Жалпы, осындай хабар-ошарсыз жоғалғандардың 30 пайызына дейінгісін алғашқы екі-үш тәулікте анықтаймыз», - деді Жақыпов. Оның сөзіне қарағанда, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу адам өлгеннен кейін көп уақыт өтсе де танылмаған мәйіттер бойынша нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Осы ретте вице-министр ағымдағы жылы ішкі істер органдары Өзбекстанның дактилоскопиялық базаның арқасында 70-ке жуық мәйіттерді сәйкестендіргенін жеткізді.