Жігіттер Қабанбай батырдың қылышын көтере алмады (ВИДЕО)

Жігіттер Қабанбай батырдың қылышын көтере алмады (ВИДЕО)

Жігіттер Қабанбай батырдың қылышын көтере алмады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде ерекше челлендж туралы бейнежазба тарады. Ауыл жігіттері қазақтың бас батыры, даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың қылышы деп атаған қаруды бір қолымен көтеруге тырысып бақты, деп жазды turkystan.kz. Видеоны Ербол Қасанғалиев деген азамат youtube-арнасына жүктеген. Бейнежазба авторының айтуынша, бұл қару Қабанбай батырдың қылышының үлгісі ретінде Түркияда жасалған. Күш сынасқан жігіттер қылышты жалғыз қолмен тік көтермек болады. Дегенмен, ниет білдіргендердің әрекеттері нәтижесіз аяқталады. Тек бір жігіт қана ауыр қаруды бірер секунд ұстап тұра алды. Жалпы, ел қорғаған Қабанбай Қожағұлұлының салмағы ауыр қылышты ат үстінде бір қолмен еркін ұстап, шайқастардың соңына дейін айқасқаны тарихтан белгілі. Мысалы, батыр ұзындығы жеті метр найзаны салмағы жетпіс килограмм болғанына қарамастан еркін көтерген.