Семейлік полицей өз әріптесін соғып кетті
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатында қаза тапты. Қайғылы оқиға 2 қаңтарда «Семей - Өскемен» тас жолының 25-шақырымында болған, деп жазды turkystan.kz.
«Түнгі сағат 04.00-де Семей қаласынан келе жатқан Lada-2170 маркалы көлік иесі жолға шығып кеткен жаяу жолаушыны қағып кетті. Жаяу адам алған жарақаттарынан көз жұмды», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, көлік жүргізген азамат та полиция қызметкері екен. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.