Премьер-министрге шабуыл жасалды (ВИДЕО)

Премьер-министрге шабуыл жасалды (ВИДЕО)

Премьер-министрге шабуыл жасалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Гаитидің солтүстігіндегі Гонаив қаласында республика тәуелсіздігінің 218 жылдығын тойлау кезінде премьер-министр Ариэль Анриге қастандық жасалды, деп жазды turkystan.kz ТeleSUR телеарнасына сілтеме жасап. Белгілі болғандай, мерекені тойлау кезінде ғибадатханада болған шарадан шығып келе жатқан Ариэль Анриге белгісіз біреулер бірнеше рет оқ атқан. Күзет қызметі дереу әрекет етіп, министрлер кабинетінің басшысын қауіпсіз жерге алып шыққан. Атыс кезінде бірнеше адамға оқ тиіп, жараланған. Өкінішке қарай, бір адам қаза тапқан. Осы оқиғадан соң бірқатар салтанатты шаралар кейінге шегерілді. Айта кетейік, өткен желтоқсан айының соңында Гаитиде әрекет ететін қарулы топ премьерге бұл өлкеге келмеуін ескерткен және қаланың бас алаңында сахнаны құрып жүрген қызметшілерге оқ атып, шабуыл жасаған болатын.