Президент Жаңаөзендегі митингке қатысты үн қатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі газ бағасының көтерілуіне қарсы митингке шыққан тұрғындарға қатысты «Twitter»-де пікір білдірді, деп жазды turkystan.kz.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Жаңаөзен қаласында тұрғындар билікке бейнеүндеу жолдап, газ бағасын арзандатуды талап етіп митингке шыққан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button