Жаңалықтар

Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды қарастыруды тапсырды

ашық дереккөзі

Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды қарастыруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тез арада Жаңаөзендегі жағдайды қарастыруды тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек», - делінген хабарламада. Айта кетейік, Жаңаөзен қаласының халқы газ бағасының көтерілуіне орай наразылық білдіруде.