Жаңажылдық отшашу кезінде полиция қызметкері қаза тапты

Жаңажылдық отшашу кезінде полиция қызметкері қаза тапты

Жаңажылдық отшашу кезінде полиция қызметкері қаза тапты
ашық дереккөзі
Ресейде Рязань облысының Захаровский ауданында жаңа жыл түнінде жанұясымен фейерверк атқан полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, отшашуды жағу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан полиция қызметкері бас сүйегінен жарақат алып, сол жерде қайтыс болды. Ол ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері жұмыс істеген. Бұған дейін Ресей Федерациясы Рязань облысы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметі отшашу кезінде жарақат алған 1984 жылы туған ер адамның өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Тергеушілер оқиға орнын қарап, пиротехникалық заттар мен қажетті құжаттарды тәркіледі.