Қазақ халқының банк алдындағы қарызы 10 трлн теңгеден асты

Қазақ халқының банк алдындағы қарызы 10 трлн теңгеден асты

Қазақ халқының банк алдындағы қарызы 10 трлн теңгеден асты
ашық дереккөзі

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,7%, жыл басынан бері 21,8% өсіп, 2021 жылғы қарашаның соңында 17 838,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлады turkystan.kz naryk.kz-ке сілтеме жасап. 

Заңды тұлғалардың кредиттер көлемі бір айда 7 497,1 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға, жеке тұлғаларға – 10 341,1 млрд теңгеге дейін 4,1%-ға ұлғайды. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 15 976,5 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер  4,1%-ға өсті. Шет ел валютасындағы кредиттер көлемі 1 861,7 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,0%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 1,8%-ға төмендеді. 2021 жылғы қарашаның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды. Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 15 435,2 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 403,0 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қарашада 3 550,8 млрд теңгеге дейін 9,0%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 47,4%-ы). 2021 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9% (2020 жылғы қарашада – 11,9%), жеке тұлғаларға – 17,6% болды (14,9%).