Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Видеодан жігіттердің қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады, деп хабарлады turkystan.kz Қазалы ауданының полиция бөлімі 2022 жылдың 1 қаңтарында төбелес орын алғанын мәлімдеді. Қазір бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

«Полиция бөліміне ешқандай арыз келіп түспеді. Сонымен қатар аудандық ауруханада ешкім медициналық көмекке жүгінбеді. Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнынан полиция бөліміне 8 адам жеткізілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр», - деді өңірлік ПД өкілі.