Мемлекет басшысы банктен несие алғандарға қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz

«Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды», – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Заң жобасының негізгі бағыттары:

  • борышкерге кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуына мүмкіндік беру;
  • кей жағдайларда кепіл берушіге кепіл нысанасын ауыстыруға мүмкіндік беру;
  • пайдакүнемдік мақсаттардың туындауын болдырмау үшін кепіл ұстаушының және онымен аффилирленген тұлғалардың сатып алушы ретінде аукционға қатысуына тыйым салу.

Атқарушылық іс жүргізу деңгейінде борышкерге тыйым салынған жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату құқығы беріледі. Бағасы 75 проценттен кем болмауы шарт. Аукционды өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді.

Бұдан бөлек, заң жобасында бағалаушылардың қызметіне қойылатын талаптар да қатаңдатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button