Универсиадаға қатысуға үміткерлер тізімі белгілі болды

Универсиадаға қатысуға үміткерлер тізімі белгілі болды

Универсиадаға қатысуға үміткерлер тізімі белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысы барысында Алматыдағы Универсиада-2017-ге қатысуға үміткерлер тізімін жасау туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайтында жарияланды. А. Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Студенттік спорт федерациясымен бірге елімізде өтетін Универсиадаға қатысуға үміткерлер тізімін жасағанын атап өтті. Қазіргі уақытта 227 мықты спортшы дайындалып жатыр, олардың 121-і жігіттер және 106-сы қыздар. Олармен 66 бекітілген маман жұмыс жасауда. Олардың арасында жаттықтырушылар, дәрігерлер, массаж жасаушылар және т.б. бар. Универсиадаға қатысуға үміткерлер құрамына еліміздің барлық жетекші спортшылары, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен, фристайлдан Юлия Галышева, Павел Колмаков, Жанбота Алдабергенова, конькимен жүгіру спортынан Роман Креч, Станислав Палкин және шорт-тректен Айдар Бекжанов, Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша енді. Айта кетер болсақ, Қазақстан Тәуелсіздік жылдары он екі Дүниежүзілік Универсиадаға қатысып, 44 медальді еншіледі. Олардың 18-і алтын, 13-і күміс және 13-і қола.