Түркістанда 9 жыл бұрын жоғалған азамат табылды (ВИДЕО)

Түркістанда 9 жыл бұрын жоғалған азамат табылды (ВИДЕО)

Түркістанда 9 жыл бұрын жоғалған азамат табылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Түркістан облысының полицейлері 9 жыл бұрын жоғалып кеткен жасөспірімді жігіт болған шағында отбасына тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz

Түркістан облысы Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, 2012 жылы Түлкібас аудандық полиция бөліміне Арыс қаласындағы балалар үйінің басшылығы арызданып, Түлкібас ауданында лагерьде жүрген 15 жасар тәрбиеленушісінің із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.
«Жасөспірім жоғалған соң аудан сақшылары болған жайтты бірден тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісіп кетті. Лагерьдің аумағы мен баруы мүмкін жерлердің барлығын шолып шықты. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесіз аяқталған болатын», - делінген ПД хабарламасында.
Тек 9 жыл өткенде жедел уәкілдер жоғалған ер баланы тапқан.

«Криминалдық полиция басқармасының полицейлері сол кездегі жасөспірімнің бүгінгі таңда Келес ауданында мал бағып, күнелтіп жүргенін анықтады. Жоғалған бала қазіргі уақытта 24 жаста.

Оны полиция бөліміне жеткізген тәртіп сақшылары арнайы психолог мамандармен сөйлестірді. Белгілі болғандай, жас жігіт өз еркімен шығып кетіп, ересек адамдар секілді өмір сүргісі келген. Содан соң жалдамалы қойшы болып жұмыс істеп, күнелткен», - делінген хабарламада. Тәртіп сақшылары жігіттің туыстарын тауып қауыштырды. Сонымен қатар жоғалу жайты бойынша арызданған балалар үйінің тәрбиешісін де шақырып, байланыстырды. Жігіттің ағасы мен балалар үйіндегі ұстазы тәртіп сақшыларына нәтижелі жұмыс пен іздеген жандарын дін аман тауып, отбасымен қауыштырғаны үшін алғыстарын айтты.