Оралда перзентхана қызметкері лифт шахтасында қаза болды
Оралда перзентхана қызметкері лифт шахтасында қаза болды
Оралда перинаталдық орталықтың қызметкері лифт шахтасына құлап қаза болды, - деп хабарлады turkystan.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 желтоқсанда болған. Облыстық перинаталдық орталықта 1971 жылы туған қызметкер қаза болғаны хабарланды. Ол жүк лифті мен шахта арасына қысылып опат болған. Денесін құтқарушылар алып шықты. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы сағат 8.56-да хабар түскенін мәлімдеді. Алдын-ала мәлімет бойынша, әйел адам жүк лифтінің шахтасына құлап кеткен. Ол сол жерде жан тапсырған. Ол медициналық мекемеде вахташы болып жұмыс істеген. Бұл дерек бойынша тергеу басталды», - деді полиция өкілдері.