2022 жыл - елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды

2022 жыл - елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды

2022 жыл - елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айтып, жаңа кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, деп хабарлады turkystan.kz

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы 2022 жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық, бұл - біздің жалпыұлттық міндетіміз», - деді Президент.