Мәселен, ТМД елдері ішінде ең төменгі зейнет жасы Өзбекстанда екен. Көрші елде 25 жыл еңбек өтілі бар ерлер - 60 жаста, ал әйелдер 20 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыға алады.
Зейнетке кеш шығатындар – Армения азаматтары. Ол жақта ерлер 65 жастан, ал әйелдер 63 жастан зейнетақы ала бастайды. Бірақ барлығының еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы қажет. Кімдер зейнетке ерте шығады? Десе де Қазақстанда кейбір азаматтарға құрметті демалысқа ерте шығу мүмкіндігі берілген. Олар: бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жас; Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында кемінде бес жыл тұрған қазақстандықтар: ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жаста. 2022 жылы зейнетақы қанша болады? 2022 жылы қазақстандықтардың зейнетақысы да артады. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 19 450 теңгеге дейін ұлғаяды. 2021 жылы ол 18 524 теңгеге тең болған еді. Ең төменгі зейнетақы 46 302 теңгені құрайды. Былтыр оның мөлшері 43 272 теңге болды.