Таразда жаңажылдық шырша жанып кетті (ВИДЕО)

Таразда жаңажылдық шырша жанып кетті (ВИДЕО)

Таразда жаңажылдық шырша жанып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Таразда алаңда тұрған жаңажылдық шырша отқа оранды, деп хабарлады turkystan.kz Жаңажылдық шыршаның өртенген видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Оқиға жайлы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.
«2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 00.06-да Тараз қаласындағы Арбат алаңында 15 шаршы метр аумақта жасанды жаңажылдық шырша өртенді. Өрт сағат 00.15-те оқшауланып, сағат 00.20-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан жерге  ТЖД-ның 14 қызметкері мен төрт техникасы барды», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.