"Сот кабинеті" арқылы 600 мыңнан астам құжат түсті

"Сот кабинеті" арқылы 600 мыңнан астам құжат түсті

"Сот кабинеті" арқылы 600 мыңнан астам құжат түсті
ашық дереккөзі

Жоғарғы Сот судьялардың VII съезі қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығында осыдан бір жыл бұрын жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекске жария түрде қол қойды.

«Президент ел өміріндегі зор маңызға ие жаңа Кодекске алғаш рет жариялы түрде  қол қойғанын атап өтті. Бұл тұрғындарға заңның мән-маңызын неғұрлым дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді», - деді таныстыру рәсіміне келген қатысушыларға сөйлеген құттықтау сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми.

Мемлекет басшысы тарапынан берілген мұндай жоғары баға ақталды. Бүгінде жаңа Кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін түбегейлі жақсартты деп нық сеніммен айтуға болады.

Жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін шығарылған сот актілеріне жүргізілген талдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзінің зор тиімділігін көрсетті. Егер де сот төрелігінің ескі жүйесінде істердің жекелеген санаттары бір жарым жылға дейін қаралса, бүгінде олар ең көп дегенде 8 айдың ішінде шешімін табуда. Азаматтық істердің 82 пайыздан астамы бір сот отырысында, ал 58 пайызы – жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралады. Дауды шешудің баламалы тәсілдерін қолдана отырып аяқталған істердің саны 70 пайызға артса, медиацияны қолдана отырып аяқталған істер саны 3 есе артты. Азаматтық процестік кодекске енгізілген нормалар электронды сот ісін жүргізуді жетілдіруге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы ағымдағы жылы 600 мыңнан астам электронды құжат келіп түсті.