Жаңалықтар

Түрмедегі балалар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

ашық дереккөзі

Түрмедегі балалар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Алматыдағы балалар колониясына Аяз ата мен Ақшақар келді, деп жазды turkystan.kz. Жасөспірімдерді қуанту мақсатында Аяз ата мен Ақшақардың «Мерекелік микс» концерттік шоу бағдарламасы өткізілген. Аяз ата мен Ақшақардың ортасында түрлі ойындар ойнап, өз өнерлерін ортаға салған жасөспірімдерге Қамқоршылық кеңесі мен «Реванш» қоғамдық қоры мерекелік сыйлықтар тапсырды. Балаларды қуанышқа бөлеуден «Әлеуметтік жобалардың халықаралық ассоциациясының» өкілі Масаты Қасымжанова да сырт қалмаған. Әр мереке сайын келіп, сый-сияпат жасайтын дәстүрін бұл жолы да жалғастырған ол тәтті бәлішке толы мерекелік дастархан жайып, сыйлыққа әдеби кітаптар тарту етті.