Астролог Жер, Су, Ауа, От белгісіндегілер үшін 2022 жыл қалай болатынын айтты

Астролог Лилия Любимова Барыс жылы Жер, Су, Ауа және От белгісіндегі адамдар үшін қалай өтетінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Бұл ретте ол Барыс жылы Жер (Торпақ, Бикеш, Тауешкі) белгісіндегі адамдар үшін мансап тұрғысынан қайшылыққа толы болатынын атап өтті.

«Сәтті кезеңдер де, күш салатын, жүйкенің мықтылығын талап ететін кезеңдер де болады. Жер белгісіндегі адамдардан жылдам және қалыпты емес шешімдер қажет болатын сәттер де бар. Жеке мәселеден бұрын жұмыс, мансап мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Күтпеген ұсыныс түсіп, кей дүниеден айырылып қалуы да мүмкін. Бастысы, осы саладағы кей өзгерісті қабылдауға дайын болуы қажет. Жер белгісіндегілердің Барыс жылы ескіге жабыспағаны жөн. Жер белгісіндегі адамдардың тұрақты екені бұрыннан белгілі, алайда мұндай өзгерістерді қабылдап, жаңа дүниеге ашық болу да маңызды», – дейді астролог.

Ал Су белгісіндегі (Шаян, Сарышаян, Балықтар) адамдар Барыс жылы жеке өмірде барынша белсенді болады. Жылдың басында шаңырақ көтеріп, сүйінші жаңалық та естуі мүмкін.

«Су белгісіндегі адамдар үшін отбасындағы адам санын көбейту немесе қандай да бір қатынасты заңдастыру үшін жақсы кезең болады. Сондай-ақ кейбір үй жұмыстары, ата-анамен қарым-қатынас орнату тұрғысынан да жақсы жыл. Жұмыс, мансап тұрғысында күтпеген, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болуға шақырамын. Барлығын өлшеп, екі рет тексеріп және іскерлік өмірде азғыруға берілмеу керек», – деп кеңес берді Лилия Любимова.

Сонымен қатар, Ауа белгісіндегі (Егіздер, Таразы, Суқұйғыш) адамдар үшін Барыс жылы қазіргі кәсіби қызметте өз позициясын нығайту үшін жақсы кезең көрінеді.

«Егер сіз ұзақ уақыт бойы жұмыс орнында өсу, жалақының өсуінен дәмелі болсаңыз, 2022 жылы бұл орындалады. Алайда Су белгісіндегі адамдарға қызметін ауыстыру ұсынылмайды. Ауа белгісіндегі адамдардың биыл отбасын бұзу қаупі бар, алайда жаңа отбасы құруы екіталай. Демек, бұл жыл жеке өмірде тыныштық болады», – деді астролог.

Барыс жылы От белгісіндегі (Тоқты, Арыстан, Мерген) адамдар үшін әртүрлі салада өте жарқын жылға айналуы мүмкін.

«От белгісіндегі адамдар үшін шығармашылық бастама, идеялар пайда болып, жеке өмірде белсенді жыл болады. Бұл жеке бастама жылы болуы мүмкін, барлығы адамдардың өзіне байланысты. Әртүрлі салада жеңіске жету мүмкіндігі болған кезде соны пайдалана алғандар табысқа жетеді. Сондықтан қандай да бір ұсыныс күтпей, бастама көтеру керек», – деп қорытындылады сөзін астролог.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button