Карантин: Қайрат Нұртас емін-еркін концерт қойып жүр (ВИДЕО)

Карантин: Қайрат Нұртас емін-еркін концерт қойып жүр (ВИДЕО)

Карантин: Қайрат Нұртас емін-еркін концерт қойып жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әнші Қайрат Нұртастың адамға лық толы залда ән айтып тұрған видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл үзінді видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына салды. Карантин кезінде жүздеген жұрт жиналған кеште арақашықтық сақталмаған, тіпті бетперде киген бір адам жоқ. Әзірге видеоның қайда түсірілгені белгісіз. Ал желі қолданушылар бұл «концерттің» жаңажылдық кеш екенін жазған. Олар айыппұлдың карантин талаптарын сақтамағандардың бәріне бірдей салынбайтынына наразы. Әсіресе, шоу-бизнес өкілдерінің жалғанды жалпағынан басып, осындай видеоларды желіге емін-еркін жариялай беретініне реніш білдірген.
«Ауру тойға бармайды, тек сауда орталықтарында болады», «Бұларға сот жоқ» дегендей пікірлер көп.