«Бәйтеректің» түбіне құрақ көрпе стиліндегі экошырша қойылды

«Бәйтеректің» түбіне құрақ көрпе стиліндегі экошырша қойылды

«Бәйтеректің» түбіне құрақ көрпе стиліндегі экошырша қойылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Жаңа жылға орай Ақмешіт көшесінің қасындағы Нұржол желекжолына экошырша орнатты, деп хабарлады turkystan.kz. Жасыл түсті экошыршаны құруға 300-ге жуық адам атсалысқан. Оның ішінде қазақстандықтардан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, тіпті АҚШ тұрғындары да бар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, олар шыршаға қажетті дүниелерді тоқуды соңғы бірнеше күнде-ақ меңгеріп алған. Шыршаның өзіне және ойыншықтар жасауға 400-ден астам иірілген жіп кетіпті. Бұл айрықша жобаның биіктігі – 7 метр, 170 мыңға жуық ілмектен тұрады.