Оралда әйелін өлтірген экс-шенеунік 15 жылға сотталды

Оралда әйелін өлтірген экс-шенеунік 15 жылға сотталды

Оралда әйелін өлтірген экс-шенеунік 15 жылға сотталды
ашық дереккөзі
БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бұрынғы қызметкері Бауыржан Хайруллинге қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеунік қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-түзету жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен қатар, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады turkystan.kz.
«Хайруллин қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол дайындықпен қылмыс жасады. Ол бұрынғы әйелінің жұмыс орнына жиналмалы пышақпен келіп, дене жарақатын салған. Әйел соққылардан қорғанғысы келген. Хайруллин соңғы соққыны мойнына тигізген. Содан кейін әйел қайтыс болды», - деді судья Бақыт Ермаханов.
Сондай-ақ, ол моральдық өтемақы ретінде 15 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Еске салайық, 2021 жылы 19 сәуірде Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелі Айнагүл Хайруллинаға 20-дан аса пышақ жарақатын салған еді. Марқұмның артында екі баласы қалды. Жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, қатаң жаза беруді сұрады.