Құтқарушылар ер адамды өрттің ортасынан алып шықты (ВИДЕО)

Құтқарушылар ер адамды өрттің ортасынан алып шықты (ВИДЕО)

Құтқарушылар ер адамды өрттің ортасынан алып шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан, деп жазды turkystan.kz. Жалын 4 отбасыға арналған барак түріндегі үйдегі пәтерлердің бірінде тұтанған. Құтқарушылар өртенген пәтердің ішінен түтінге уланған ер адамды ес-түссіз күйінде тауып алған. Өрт сөндірушілер дереу реанимациялық әрекеттер жасап, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Өрт сағат 10:55-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ДЧС Акмолинской области (@aqmola_tjd)