Қырғыз Парламентінің төрағасы сайланды

30 желтоқсан, 2021 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Қырғыз Парламентінің төрағасы сайланды Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (Парламентінің) VII шақырылымының бірінші отырысында депутаттар Парламент спикерін сайлады, деп хабарлады turkystan.kz. Жогорку Кенеш төрағалығына екі кандидат – Талант Мамытов пен Адахан Мадумаров ұсынылды. Жасырын дауыс беру кезінде Талант Мамытовты қолдап - 63, Адахан Мадумаровты қолдап 10 депутат дауыс берді. Ал 14-і екі кандидаттың екеуіне де қарсы дауыс берген. Осылайша, Талант Мамытов Парламент төрағасы болды.