«Бейшара қақпашылар!»: Путин мен Лукашенко хоккей ойнап жүр (ВИДЕО)

«Бейшара қақпашылар!»: Путин мен Лукашенко хоккей ойнап жүр (ВИДЕО)

«Бейшара қақпашылар!»: Путин мен Лукашенко хоккей ойнап жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аяқталғаннан кейін Ресей мен Беларусь президенттері хоккейден жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ойынға белгілі хоккейшілер де қатысқан. Президенттер бір командада, бірақ әртүрлі бестікте ойнады. Кездесу 18:7 есебімен аяқталды. Екі президент ойнаған команда жеңіске жетті. Путин – 7, Лукашенко – 2, оның ұлы Николай 4 гол соқты. Интернетте тараған видеоға қатысты әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі пікір айтуда. Бірі «Бейшара қақпашылар-ай!» деп кәсіби хоккейшілердің өтірік ойнағанын меңзесе, енді бірі «Футбол ойнамағандарыңа шүкір» деп келеке еткен. Олардың арасында президенттердің спортпен шұғылданып, хоккей ойнағандарына риза болғандар да бар.