Хаменоваға жем болған Абай ескерткіші ашылды

Хаменоваға жем болған Абай ескерткіші ашылды

Хаменоваға жем болған Абай ескерткіші ашылды
ашық дереккөзі
Атырауда Абай орталығы алдына ақын, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды, - деп хабарлады turkystan.kz. Ескерткіш - белгілі мүсінші Асқар Нартовтың туындысы. Ұлы ақынның ескерткіші қоладан жасалған. Салмағы — 5 тонна, биіктігі — 11 метр. Алып денелі Абайдың ескерткішіне 145 млн теңге бөлінді. Тағы оқи отырыңыз: Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, облыста бірқатар шара өтті. Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай, ұлы ақын, ойшыл Абайдың ескерткішін ашып отырмыз. Бұл облыс үшін тарихи оқиға. Өйткені, Абай Құнанбаев - бүкіл әлемге әйгілі ақындардың бірі», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің үстінен көтерілген қылмыстық істің де осы монументке қатысы бар. Олар мемлекеттік сатып алу келісімшартына қол қою үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.