Түрмеде тұтқынды азаптаған полицейлердің жазасы күшейтілді

Түрмеде тұтқынды азаптаған полицейлердің жазасы күшейтілді

Түрмеде тұтқынды азаптаған полицейлердің жазасы күшейтілді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың бірінде тұтқынды азаптап өлтірген тәртіп сақшыларына қатысты апелляциялық сот отырысы өтті, деп жазды turkystan.kz. Бұл оқиға 2019 жылдың 18 маусымында ОВ 156/2 мекемесінде орын алған болатын. Белгілі болғандай, полицей тәрбие жұмысы бөлімінде тұтқын Андрей Кондратенконы бассейнде тұншықтырып, азаптап өлтірген. Артынша тәртіп сақшылары «ол тәртіптік камерада өзіне құл жұмсады» деп жариялаған. Сөйтіп, тұтқынды азаптап өлтіру бойынша 6 қызметкер жауапқа тартылды. Іс бойынша сот отырысы 2021 жылы қазан айында өтіп, полицейлер кінәлі деп танылды. Ал 29 желтоқсанда өткен апелляциялық алқа отырысында полицейлердің жазасын күшейту туралы шешім шығарылды. Бұған дейін үш қызметкер 5 жылға сотталған болатын. Енді олар 3 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылып, 6 жылға сотталды. Ал қалған үш қызметкердің жазасы өзгеріссіз қалды. Тұтқынды суға батырған екі қызметкердің бірі - 7 жылға, екіншісі 8 жылға сотталды. Ал мемлекеттік айыптау тарапы осының барлығына себепші болған майор Серіковті басқалармен бірдей дәрежеде соттауды талап етті. Себебі, ол бұған дейін сотталушы қайтыс болған кезде оқу бөлімінде болмағандықтан, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (Азаптау) бойынша ақталған. Аппеляциялық сотта Серіковке жаза қатаңдатылды. Ол өмір бойы құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ, жалпы қауіпсіздігі орташа мекемеде 9 жыл отыратын болды.