Жаңалықтар

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов баспаналы болды

ашық дереккөзі

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов баспаналы болды

Бокстан «Токио – 2020» Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді, деп жазды turkystan.kz. «Түркістанды түлеткен» атты жыл қорытындысына арналған іс-шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан баспананың кілтін табыстады. «Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан «Тұран» бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын», - дейді Сәкен Бибосынов.