Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов баспаналы болды

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов баспаналы болды

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов баспаналы болды
ашық дереккөзі
Бокстан «Токио – 2020» Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді, деп жазды turkystan.kz. «Түркістанды түлеткен» атты жыл қорытындысына арналған іс-шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан баспананың кілтін табыстады.
«Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан «Тұран» бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын», - дейді Сәкен Бибосынов.
 width= Еске сала кетсек, бұған дейін Сәкен Бибосынов биылғы маусымды қорытындылап, алдағы жылға қатысты жоспарларын бөліскен еді.
«Менің жазғы Олимпиадада топ жарсам деген арманым бар. Соған нақты қадам басу үшін дайындықты қайтадан күшейтемін. Келесі жылға көптеген ірі жарыстар жоспарланған. Соның бірі – жазғы Азия ойындары. Ел намысы сыналатын шақта аянып қалмауымыз керек. Сондықтан, келер жылға қойған мақсаттарым да биік», - деді боксшы.